Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жең ұшынан жалғасқан сыбайластық жайлап кеткені кәсіпкерлердің наразылығын туғызып отыр

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2019
  • 3128

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жең ұшынан жалғасқан сыбайластық жайлап кеткені кәсіпкерлердің наразылығын туғызып отыр. Жаңа құрылым, қазіргі уақытта тендердің бір түріне айналғандай. Сондықтан Палата мемлекеттік жобаларды үлестіру процесін бақылауға қоғам белсенділерін тартуды ұсынды. 

Нұрлан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Бұл дайын ақша ғой, былай айтқанда. Дайын ақшаға арасында бәсекелестік болады. Сол кезде мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылары, үйлестірушілері басқа жолменен өздерінің таныстарын тартады деген әңгіме қозғалып жатыр. Бүгінгі күнде егер комиссияның мүшесі аймақтарда ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелерінен қалыптаспаған, қоғамдық ұйымдардың мүшелері де болуы керек. Тек қана мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып отыр.

Елде осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 550 келісімшартқа қол қойылған. Олардың жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Келісімдердің көпшілігі- білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жасалған. Ал коммуналдық-шаруашылық, жол-көлік құрылысы, байланыс және туризм салалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктен тысқары қалып отыр. Соңғы үш жылда инфрақұрылым салу бойынша бірде-бір жоба жүзеге аспаған. Бұл назар аударатын мәселе, дейді ұлттық палатадағылар. 

Д. Қайыртай