Русский Сайттың толық нұсқасы

Облыс орталықтарында бейімделген дене шынықтыру секциялары ашылады-«NUR OTAN»

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2019
  • 3669

Елдің барлық облыс орталықтарында бейімделген дене шынықтыру секциялары ашылады. Осылайша, мүгедек балалар да спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Партиялық жоба туралы Балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалінде «Nur Otan» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов айтып берді. «Тең мүмкіндіктер әлемі» байқауы биыл екінші рет елордада ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы Алматы, Қарағанды, Шымкент секілді үлкен қалалардан да мүгедек балалар келді. 

Фархад ҚУАНҒАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Бейімделген дене шынықтыру мамандарын даярлайтын ресурстік орталық ашамыз. 2014 жылы Тұңғыш Президенттің ұйтқысымен басталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында жасалады. Балалардың қызығушылығы ерекше. Бастысы - осы.

Қатысушылар жүзу, бочче, үстел теннисі, боулинг пен арқан тартудан сайысты. Оларға ата-аналары, дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылары көмектесіп отырды. Астаналық балалар денсаулықтарындағы кінәраттарына қарамастан арнайы секцияларда спортпен айналысып келеді. Ондай жағдай жасап берген - «Nur Otan» партиясы, қала әкімдігі мен мүгедек балалары бар ата-аналардың Қоғамы. 

Күлбарам ЖҮСІПОВА: 

Жұмасына екі рет бассейнге барамыз, бір сағаттан. Ол аз ба, біз хореографияға барамыз. Содан кейін голбол деген спорт бар, для незрячих и слабовидящих. «Nur Otan» партиясына осындай мүмкіндік беріп біздерге, осындай спартакиада жасап жатқандарына мың да бір алғыс айтамын.

Д. Қайыртай