Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі өтті

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2019
  • 4860

Қарағандыда «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі өтті. Оған күйшілер, қобызшылар, сырнайшылар мен әнші-жыршылар да қатысты. Ұйымдастырушылар түркі әлемі, оның ішінде қазақ даласының көне әуені бүгінде арнайы концерттерде ғана орындалады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы қазақ халқының ұлттық музыкасын дәріптеуге ат салыспақ. Бұл туралы Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында нақты тапсырмалар берілген болатын.  

Ерлан РЫСҚАЛИ, ӘНШІ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Өкінішке қарай біздің қаракөз қандастарымыз өзінің ұлттық музыкасынан, салт- дәстүрінен алшақтап қалды. Мына, Қадыр ақыннның сөзі бар: «Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген. Ал мына «Ұлы даланың көне сарындары» деген фестиваль соның бір қайтып жарқырап жарыққа шығуына жол ашатын дүние.

А. Қуаш