Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясымен ынтымақтастықты жандандырмақ

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2019
  • 3173

«Nur Otan» Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясымен ынтымақтастықты жандандырмақ. Экономикалық, мәдени және гуманитарлық салада қарым-қатынасты дамыту жайында Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязқожаев кездесу барысында талқылады. Тараптар орталық және аймақтық деңгейде, сондай-ақ жастар ұйымдары арасында партиялық байланыс орнатуға келісті. Нәтижесінде екі ел арасындағы қарым-қатынас та жаңа деңгейге өтеді,-дейді спикерлер. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мерзиеевтің саясаты арқасында біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас бауырлас ел ретінде, стратегиялық тұрғыда да жоғары деңгейге жетті. Көптеген дүниелер де соңғы жылдары белсенді түрде іске асырылып келеді.

А. Өмірзақ