Русский Сайттың толық нұсқасы

Діндарлар парақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2019
  • 2820

Енді жемқорлармен күреске діндарлар тартылмақ. Олар мемлекеттік мекемелерде парақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Ол үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елдегі діни бірлестіктермен байланыс орнатқан. Бұл жұмыстарға мешіт, шіркеу, монастырь және синагога қызметкерлері тартылады. Шенеуніктерге жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың теріс қылық екені, оның сұрауы болатыны түсіндіріледі. Мұндай іс-шаралар жемқорлықтан ойы ада ұрпақ қалыптастыру үшін білім беру орындарында да өткізілмек. 

Серікбай ОРАЗ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС МҮФТИІ: 

Түрлі басқосулар, дөңгелек үстелдер мен тренингтер, семинарлар іспетті... Өйткені, халқымызда жақсы сөз бар «Тура биде туған жоқ, туғаны барда иман жоқ» дейді. Туралықты, әділдікті және ізгілікті алға тұтқан адамдар ешқандай қоғамға кері әсерін тигізетін дүниелерге әсте жол бермейді деп ойлаймын.

Д. Қайыртай