Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептер мен ЖОО да сынақтан өткізіледі

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2017
  • 3349

Латын әліпбиі алдымен мектептер мен ЖОО да сынақтан өткізіледі. Бұл процесс 2025 жылға дейін созылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сөздіктер шығару, терминдер мен грамматиканы реттеу сынды қыруар шаруа күтіп тұр. Әліпбиді енгізудің өзі екі кезеңнен тұрады. Үкіметтік деңгейде комиссия құрылып, оның басқаруы мен жаңа орфографиялық ережелер жасақталады. Және осы ереже аясында әдебиеттер мен сөздіктер жарыққа шығады. Жаңа әліпбиге көшудің нақты бюджеті әлі белгіленген жоқ. Әйтсе де алғашқы жұмыстарға қанша қаражат қаралғанын Мәдениет және спорт министрі айтып берді 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Бұл ауқымды жоба. Сондықтан үлкен қаржылық шығынды қажет етеді. Мәдениет және спорт министрлігінің бағыты бойынша 2018 жылға 56 млн теңгеге өтініш бердік.

Ақшаның негізгі бөлігі оқулықтар даярлауға жұмсалады деп жоспарланған. Тағы біраз қаржы мәдени мұраны сақтау мен сандық жүйеге өткізуге қаралмақ. Ал сынақтан өткізу қорытындысын сарапшылар қарап, мемлекеттік комиссияға ұсынады. Келер жылдан бастап даярлық сыныбының мұғалімдері жаңа әліпбиді қолдану бойынша арнайы оқытудан өткізіле бастайды.