Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысындағы оқыс жағдай

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2019
  • 3671

Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға! 50 жастағы ер адам қонақ кезінде өз-өзін өртеп жіберді. Оны құтқарамын деп күйіп қалған жұбайы да ауруханада көз жұмған. Ақсу қаласында болған осы оқиғадан соң, 12 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында уланған балалар да бар. Туған күн тойламақ болған отырыс соңы неге соқтырды? Өзгеріс Қуанар тарқатады.  

25 жастағы Александр Бобыкин қазір қалалық ауруханада жатыр. Ол кешегі келеңсіз жайттың куәсі. Досының анасын туған күнімен құттықтауға келген. Қонақтар жиналған соң, дастарханға отағасы шақырылған. Бірақ ол келуден бас тартты дейді. Аяқ асты үй иесі сырттан жанармай алып келіп, үстіне құйғанда ешкім түсінбей қалған. Бұл райынан қайтармақ болғанда қалтасынан сіріңке алып шығып, өрт қойған. Осы сәтте, бөлмеде 5 адам болыпты.  

Александр БОБЫКИН, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Біз үстел басында отырғанбыз. Ол бірден далаға атып шығып, бірінші темекі шекті. Одан кейін дереу конистрмен кіріп, үстіне шаша бастады. Осы сәтте балаларды басқа бөлмеге шығарып үлгердік. Бірақ, біз қасында болғандықтан, қашып үлгере алмадық. Жанымызда досымның анасы және 3 досымыз бартын.

Александр өзінің үстіндегі отты әзер өшіргендігін айтады. Десе де, лап еткен жалын беті мен екі қолын және оң аяғын шарпыған. Қазір оның жағдайын дәрігерлер жақсы деп бағалады. Қалған зардап шеккен адамдар да дәрігерлер бақылауына алынған. Дегенмен біреуі денесінің 65 пайызы күйіп қалғандықтан жансақтау бөлімінде жатыр.   

Марат ҚАНЖЫҒАЛИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАСЫ КҮЙІК БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Күйіктің дәрежесі 1,2,3 дәреже. Науқастың 20 пайызы, екінші науқастың 25 пайызы, үшінші науқас 65 пайыз денесі күйген беті, қолы, аяғы. Сол реанимацияда жатыр. Жағдайы өте ауыр.  

Ерсектерден өзге 5 бала түтінге уланды. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті. Алаңдауға негіз жоқ дейді дәрігерлер. Ал полиция департаменті өз-өзін өртеген ер адамның спирттік ішімдік ішкенін анықтапты. Айта кетерлігі, марқұм бұған дейін ұсақ құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапгершіліке тартылған. Алдын ала болжам бойынша дау отбасылық жанжалдан туындауы мүмкін дейді, полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Осы факті ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес 105-бабына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бір қатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.

Марқұмның көршілері бұрын соңды отбасында дау-дамай болмағанын айтуда. Сондықтан болған жайтқа әлі сене алар емес. 

Бибігүл АРЫНОВА, КӨРШІСІ: 

Женканың негізі қолы алтын ғой. Насчет сварки молодец был мучина. Былтыр 50 жылдықтарын тойлады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 

Марқұм жергілікті кәсіпорындардың бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Ал жұбайы үй шаруасымен айналысқан. Артында екі баласы мен 3 немересі қалды. Бірақ, үй иесінің неліктен, өз-өзіне өрт қойғанын енді құзырлы орындар анықтамақ.

Ө. Қуанар