Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы, Маңғыстау, СҚО және Қостанайда алғашқы медициналық көмек беретін дәрігер тапшы

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2019
  • 3506

Алматы, Маңғыстау, СҚО және Қостанайда алғашқы медициналық көмек беретін дәрігерлер тапшы. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы орталық аппаратында өткен жиында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаев айтты. Аймақтарда кадр тапшылығын жою үшін жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсетеді. Былтыр 600-ге жуық жас, мемлекеттік қолдауға ие болған. Қазір бір дәрігерге 2 мыңға жуық адам тиесілі. Мамандар жүктемесін азайту мақсатында 400-ге жуық қосымша емдеу учаскелері ашылмақ. 

Зәуреш АМАНЖОЛОВА, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША КУРАТОРЫ: 

Қазіргі бір проблема олардың ортасында интеграция жоқ. Мысалы, дәрігер өзінің науқасын онкологиямен ауыратын облысқа немесе республика деңгейіне жіберсе, оның ары қарай жағдайы қалай болып жатқанын осы цифрландыру жүйесінде қадағалай алмай отыр.

А. Бектас