Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудың экс-әкімінің Лондон көшесінде жүрген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2019
  • 3771

Лонданда тайрандап жүрген экс-әкім Бергей Рысқалиевтың әлеуметтік желіде тараған видеосына қатысты Бас пракуратура түсінік берді. Халықаралық іздеуде жүрген шенеунікті қолға түсіру оңай емес. Екі ел арасында қылмыскерлерді экстрадициялау жайлы келісім жоқ көрінеді. 

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өкінішке орай, бізде Ұлыбританиямен келісім-шартымыз жоқ. Яғни, бір-бірімізге қашып кеткен қылмыскерлерді ұстап бере алмаймыз. Бірақта, біздің құқықтық сұрауларымыз инторпалға,жан-жаққа жіберілді.  

Еске салсақ, Бергей Рысқалиев Атырау облысын 2006-2012 жылдар аралығында басқарды. Экс-әкімге қатысты сот сырттай 17 жыл үкім кескен еді. Сондай-ақ, онымен бірге інісі Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали да 16 жылға сырттай сотталған болатын. Қашқын әкімге «ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару», «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру» бойынша айыптар тағылды. Сыбайластар мемлекеттің 72 млрд теңгесін талан-таражға салды деп те айыпталған болатын.  

Н. Біләл