Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 3151

Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Үкіметке материалдық-техникалық әрі қаржылай қолдауға қатысты шаралар қабылдауды жүктейді. Ал, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасап, дұрыстығын қамтамасыз етуі тиіс. Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетуін қаулы етеді.

М. Бақытқызы