Русский Сайттың толық нұсқасы

Көршілес мемлекеттермен арадағы қатынас өзара сенімге негізделуге тиіс - Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 2862

Көршілес мемлекеттермен арадағы қатынас өзара сенімге негізделуі тиіс. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдаған Елбасы осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев биліктің бейбіт жолмен берілгенін айтып, бүкіл әлемге Конституция аясында әрекет ететінімізді көрсеттік, деді. Бұған дейін қалыптасқан сыртқы саяси бағыттан айнымау керегін атап өтті. Ал, Бейбіт Атамқұлов елдегі саяси оқиғаларды халықаралық ұйым басшыларының оң бағалап жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, Тұңғыш Президент- алда өтетін халықаралық шараларға мұқият дайындалуды тапсырды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

В ближайшее время предстоят следующие у нас работы: первое - визит президента Южной Кореи в Казахстан и мои с ним переговорные встречи. Второе - мой визит в в Китайскую Народную Республику и участие в форуме «Один пояс, один путь». И третье - ЕАЭС, пятилетие которого мы будем отмечать здесь в нашей столице.

А. Бектас