Русский Сайттың толық нұсқасы

Бизнес кезектен тыс президенттік сайлауды қолдайды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 2999

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президенттік сайлаудың кезектен тыс өтуін қолдайды. Биліктің тұрақтылығы бизнестің қалыпты дамуына кепілдік береді. Сондықтан, «Атамекен» басқармасы елдегі бизнес ортаның атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысты үндеуді бизнес қауымдастықпен кеңейтілген отырыста талқылады. Айта кету керек, 6 жыл бұрын құрылған Ұлттық палата ондаған заңға өзгеріс енгізіп, бизнестің өсуін шектейтін кедергілерді жойды. Тексерістер санын 5 есеге кемітті. Соның бәрі елдегі биліктің көмегімен жүзеге асты. Сондықтан таңдалған анық бағыттан аутқымай, тұрақты даму жолында қалу маңызды, дейді Абылай Мырзахметов.  

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Жалпы, әлемде болып жатқан қазіргі жағдайдың барлығы турбулентті, өзгерістер көп. Санкциялық мәселелер бар, сауда нарығындағы дағдарыстар бар, сондықтан осының бәрін ескере отырып, қазіргі заман тез өзгерістер кезінде бізге көп уақытты созбай, билік басын бекем етіп алуымыз керек. Сондықтан Елбасамыздың ізімен, өз елімізді дамытуға ат салысуымыз керек.  

Н.Біләл