Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында судан қауіп сейілген жоқ

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 2961

Шығыс Қазақстан облысында қызыл судан қауіп сейілген жоқ. Қазір таудан келетін қауіп бар. Онда қардың қалыңдығы 50 сантиметрден асады. Сондай-ақ, Қытай тарапы су жіберсе, Қара Ертістің деңгейі көтерілуі мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан мен аспан асты елінің арасында Ертіс өзенін шекара бойында қолдану жөнінде келісім-шарт жоқ. Қазір көрші ел қаупсіздік үшін, қызыл суды Қара Ертіске ағызып жатыр. Егер дамбадан өтіп жатқан судың көлемі секундына 1400 текше метрден асса, онда Ертіс арнасынан асуы мүмкін, дейді Қазгидромет өкілдері.  

Медет ЕРКІНБЕКОВ, РМК "ҚАЗГИДРОМЕТ" ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Егер, қытайлықтар секундына 1400 текше метр су жіберсе, онда олар бізді ақпараттандырып, біз Төтенше жағдай комитетімен бірге әрекет жасаймыз. Судың көлемі 1400 текше метрге дейін жетпейінше, Қытай тарапы бізге есеп бермейді.

Қазір Алтай мен Күршім аудандарында қауіп сейілмей тұр. Мұнда биыл қар қалың түскен. Топырақ кей жерлерде бір жарым метрге дейін қатып қалған. Мұнда эвакуциялық бекеттер әзірленіп жатыр. Құтқарушылар жағдайды жіті бақылауда. 

А. Құрманкин