Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында да су тасу қаупі бар

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 2673

Павлодар облысында да су тасу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Айтуынша Үлбі су қоймасынан су жіберіліп жатыр. Оның үстіне мұздың кептелуі байқалады. Осының бәрі өңірдегі өзендердің су деңгейі көтерілуіне әкелуі мүмкін. Алайда нақты қанша елдімекенге қызыл судан қауіп төніп тұрғанын төраға айта алмады. Ал синоптиктердің болжамы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстарында сәуірдің оны жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл ахуалды қиындата түседі.

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

«Қазгидрометтің» 10 мен 12-сі күндері аралығына арналған болжамы алаңдатады. Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында мол жауын жауады деп отыр. Бұл жағдайды күрделендіреді.

Д. Қайыртай