Русский Сайттың толық нұсқасы

Екінші деңгейлі банктер заңсыз алған комиссияларды қайтару қиындап кетті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 3249

Екінші деңгейлі банктер заңсыз алған комиссияларды қайтару қиындап кетті. Бүгін астанаға еліміздің түкір-түкпірінен жиналған заңгерлер осылай деді. Бұдан бұрын Ұлттық банк кейбір комиссияларды алуға заңмен тыйым салынған. Содан соң, аудандық соттар банк клиенттеріне 9 млрд теңге қайтарып берген. Мұның бәрі сотта дәлелденді. Алайда, соңғы кезде сотта осы арыз-шағымдарды қармай, кейінге шегеру көбейген.

Ерболат АЙМАҒАМБЕТОВ, ЗАҢГЕР: 

Осы жабылып жатқан кредиттер бойынша ол кейінге қалдырылып жатыр. Не себепті кейінге қалдырылып жатыр? Ол соттың тәртібі бар, заң бар. Ол 4 рет 5 рет қалдыру мүмкін емес қой. Уже 4 айға дейін кейінге қалдырылып жатыр. Созылып жатыр. Біздің өтінетініміз осы заңсыз әрекеттерді тоқтату. Әділ заң болуын ҚР соттары осы заңды жүйелі түрде заңға сәйкес орындауын өтінеміз. 

Мұны қарағандылық заңгерлер де растайды. Олар соңғы жарты жылда сот бірде бір іске қатысты шешім шығармағанын айтты.  

Ермек ӘБІЛДИН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: 

Соттар азаматтық істер қарау мәселесі бойынша ұзаққа созылып кетті. Заңгерлердің болжамы бойынша осы заңсыз комиссия қайтарылмайды, - деп болжам шығарып отыр. Біз өз өз тарапымыздан несие беру мәселесі бойынша қарастырғанның өзінде соған арнайы комиссия қосып отырған. Оның өзі заңсыз деп есептейміз.

Банктер негізсіз комиссияны несие алу бойынша өтініштерді қарағаны үшін және ай сайын қарыз қайтарған кезде «ссудалық төлем» деген желеумен алып келген. Мұны Ұлттық банк үш жыл бұрын әшкереледі. Содан бері Қарағанды облыстық азаматтық кеңес заңгерлері 800 істі сотқа жеткізген. Ал, қайтарылуы тиіс сома 100 мың теңгеден басталып, 1 жарым млн теңгеге дейін барады.  

Н. Біләл