Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру қарқынды жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 2511

Шымкенттегі Еңбекші ауданына бүгінге дейін екі мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырып үлгерген. Бұл мәлімет аталған ауданның бастауыш партия ұйымдарының басын біріктірген жиында айтылды. Ауданда аз қамтылған жанұялар саны төрт мыңның төңірегінде. Оларға мемлекет тарапына көрсетілер жәрдемді тағайындауда қиындық тудырмас үшін қосымша орталықтар ашылғаны айтылды. Басқосуда партия өкілдері «Nur Otan» партиясының съезінде қабылданған жаңа бағдарламада қойылған міндеттерді жүзеге асыру жайын көтерді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды талқылады. Айта кетейік, Еңбекші ауданында 11 бастауыш партия ұйымы бар. Оған 5 мың 300-дей адам топтасқан.  

Ғалымжан ИЛЬЯСОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Бір жылдық өзіміздің бүгінгі жоспарымызды қазір нақтылап, тағы да бастауыш партия ұйымдарына ұсынып отырмыз. Ол кісілер өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіруі керек. Сонымен толықтырып бастауыш партия ұйымдарының жұмысын біз формальдыдан нақты салаға өткізу керекпіз. 

А. Төребекқызы