Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мен Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі басты назарда болуы керек - Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2019
  • 5054

Елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мен Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Елбасының төрағалығымен өткен мәжілісте халық үшін стратегиялық маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жиында Қазақстанның алдағы экономикалық дамуы, ел бірлігінің маңыздылығы сөз болды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Президентімізге, елімізге жан-жақты көмек жасап қолдау көрсетуіміз керек. Дүниежүзі мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатып, іргемізді бекемдедік осы жылдар ішінде. Қазіргі Қазақстан өзінің даму жолын айқындаған мақсаты биік ел. Өзімді Ұлт көшбасшысы деп таныған халқымның мақсат мүддесі үшін әлі де аянбай қызмет ететін боламын. Барлығын бірге істейтін боламыз.

Н. Біләл