Русский Сайттың толық нұсқасы

Шегірткемен күреске 2,1 миллиард теңге бөлініп отыр

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2019
  • 3726

Елде шегірткемен күреске биыл қазынадан 2,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл ақпаратты ауыл шаруашығы министрлігі таратты. Жалпы аумағы 950,4 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтеді. Соның 570,3 мың гектары итальялық прус шегірткесіне қарсы дәріленеді. Ал 206,5 мың гектар аумақты азиаттық шегіртке жайлаған. Аса қауіпті марокко зиянкесі биыл 173,6 мың гектарда таралған екен. Биыл ел аумағындағы 3,9 миллион гектар аумақта зиянкестерге қарсы жұмыс жүргізіледі деп жоспарланған. 

А. Төрекбекқызы