Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте дәрігерлер ақысыз қызмет үшін де ақы алған

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2019
  • 4125

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханадағы науқастар шағымы дәлелденді. Ауруханадағылар тегін көрсетілуі тиіс қызметтің өзіне ақы алып келген, деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі.  

Әли КӨМЕКБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЖҚІҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Екі аппарат бар да біреуі МРТ, біреуі КТ дейді. МРТ деген аппарат ол жұмыс істейді. Сол аппарат бойынша 10 мың теңгедей көрсетілген заңнамада, демек бірақ жаңағы жедел көмек көлігімен алып келген жағдайда оларға ол қарамайды бұл талап ақша өткізу деген да, сол адамдардан ақша жинағандығы бар екен. Техника істемегендіктен сол томографияны басқа емханаға барып сол жақтан алып келіңіздер деп айтады. Ал, ол мысалыға инсульт жағдайдағы адамға ол ауыр дүние ғой.  

Аталған ауруханада санитарлық жағдай да сын көтермейді. Мұны белсенділер әлеуметтік желіде жариялаған. Төсек орындары нашар, тіпті, зиянкестерді улау жұмыстары да сырқат жандардың көз алдында жасалады. Осы сынды олқылықтар бүгін денсаулық сақтау министрлігінің өкілі қатысқан жиында жан-жақты талқыланды. Айтылған сыннан нәтиже шығару аурухана басгшыларына жүктелді. 

А. Төребекқызы