Русский Сайттың толық нұсқасы

9 маусымда өтетін Президенттік сайлауға 69 509 адам атсалысады

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2019
  • 3866

9-шы маусымда өтетін Президенттік сайлауға 69 509 адам атсалысады. Олардың 44 мыңы бюджеттік сала қызметкерлері. Орталық сайлау комиссиясы оларға 3 айлық ең төменгі жалақыдан кем төленбейтінін хабарлайды. Саяси додаға атсалысатындар қатарында мұғалім, дәрігер, кітапханашылар бар. Бұдан бөлек, 2,5 мыңға жуық зейнеткер, 2 400 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 100-ден аса студент қатысады. Сайлауды өткізуге 12,1 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл соманың 77%-ы комиссия мүшелеріне төленеді. Қалған қаражаттың 23%-ы ұйымдастыру, ғимаратты жалға алу, кеңесшілер мен сарапшылар қызметіне беріледі.  

А. Бектас