Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана орталығынан ипотекаға пәтер рәсімдеген тұрғындар баспанасына кіріп-шыға алмай жүр

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2019
  • 5173

Ал, астана орталығынан ипотекаға пәтер рәсімдеген тұрғындар баспанасына кіріп-шыға алмай жүр. Нысан 2018 жылы тапсырылуы керек болған. Бірақ кешеннің құрылысы әлі бітпеген. Баспанаға «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры ақша бөлген. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.  

Тұрғындардың басым бөлігі пәтерлерді ипотекалық несиемен алған. Сол жағалау болғандықтан, бағасы да арзан емес. Олар басапқыда-ақ құрылыс жұмыстарына көңіліміз толмап еді дейді. Инвестор «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры болған соң, сенім артып, қаржы салған. Бірақ құрылыс бітер емес. Үйдің кіре берісінен бастап, шаң, түтін, ластан аяқ алып жүру мұң. Үй өткен жылы қазан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. 

Анар РОМАНОВА, «САМҰРЫҚ TOWERS» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ТҰРҒЫНЫ: 

Подъезден шығасың, подъезд лас. Подхездге кіру невозможно, қырыңмен жүресің. Лифтке кіресің лифтің есігі жабылмайды. Өзің итеруің керек чтобы лифтан түсу үшін. Мына жақта қараңыз, түсетін не жоқ, баланы ұстап түсесің. Енді дворда ойнайық десек қараңыз мынандай мусор. Ал, баламен қайда ойнаймыз, қай жаққа таза ауаға шығамыз? 

Құрылыс кәсіпорны үйді биыл мамыр айында бітіріп береміз деп уәде берген. Алайда, тұрғындар осымен төрт рет шегерілген мерзімді күтпей, пәтерлерге қоныстанып алған. Кейбіреулер тіпті келісім-шартты бір жақты бұзып, баспанадан бас тартқан.   

Алмас ЖОЛДЫҚҰЛОВ, «TM ENGINEERING GROUP» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: 

15-ші үй осы айдың аяғына дейін тапсырылады. Онда үстіңгі қабаттарда пәтерлер дайын. Астыңғы 12-қабаттан төмен қарай екінші қабатқа дейін пәтерлер 80-90 пайызға дайын. Кейбір пәтерлерде ламинат қана жоқ, ламинат болса, плинтус жоқ. Есік болса, обналичка жоқ. Олар 1-2 апта көлемінде жасалып бітетін жұмыстар.  

Үйдің жаңадан салынып жатыр деген аты ғана. Дәліздер мен кіре берістің жағдайын айтпағанда, ауладағы жағдай да адам көргісіз. Балалар ойнайтын алаң мен жүргіншілерге арналған аймақ қоқысқа толып жатыр. Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды.     

Ограждение, привезли вот только что. Он не кажется вам очень низким, для такого высокого пандуса. Завтра ребенок наступит и перевернется. 

Алмас ЖОЛДЫҚҰЛОВ, «TM ENGINEERING GROUP» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Благоустройство майда аяқталады. Пәтерлер бәрі дайын. Қаржы бар. Айтылған уақытында аяқталады.  

Наразы тұрғындарды тыңдауға үйдің құрылысына қаржы салған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының өкілі де келді. Жағдайды бақылауға алып, біреу-міреу зардап шегіп жатса, жауапкершілік құрылыс компаниясына артылатынын ескертті. Бұған дейін де уәдені үйіп-төккен тапсырыс берушіге үй тұрғындары сенуден қалған.  

Тимур Қалдыбаев, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОРЫ» АҚ МҰРАҒАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИЕРТОРЫ: 

Бұл құрылыс компаниясы жұмыстарды толық аяқтауы үшін қадағалап келеміз. Уақыттан ұтылып келе жатқандығы белгілі. Біз оларға міндетті айыппұлды да салдық. Тұрғындар өз үйлеріне көңілі толмай немесе бір деффекті байқаса, міндетті түрде арыз жазсын. Барлығы өз орнына келтірілетін болады.  

Арқаны кеңге салып, еркін өмір сүру қазіргі бұл үйдің тұрғындарына бұйырмай тұр. Халық мердігерлер уәде еткен мерзімді де күтуге әзір. Ол күнге дейін астаң-кестеңі шыққан үйдің аймағында біреу мертігіп қала ма деген үрей басым.

Ә. Өмірзақ