Русский Сайттың толық нұсқасы

Жайықта балықтар хлормен уланған - ІІМ

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2019
  • 3930

Жайықта қырылған балықтар хлормен уланған. Ішкі істер министрлігі Атыраудағы жағдайға қатысты алғашқы сараптама қорытындысын жариялады. Ведомство қазір судың ластануына кінәлілерді іздестіріп жатыр.  

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 

Өткен жылдың соңында Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалған болатын. Осы қорытындыға сәйкес балықтардың жаппай қырылуына хлормен улануы себеп болған. Қазіргі уақытта сарапшылар судың ластануына кінәлілерді анықтау мәселелері бойынша зерттеулерді жалғастыруда.

Былтыр желтоқсанда Жайық жағасынан 120 тоннаға жуық балық өлексесі табылған болатын. Бұған қатысты ведомстоваралық комиссия құрылып, судан сынама алынды. Ал тексерістің ұзаққа созылуын Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мұздың еруімен байланыстырған еді.

А. Бектас