Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық депутаттар халықты сайлау науқанын қолдайды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2019
  • 2117

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Мұнаймаш» зауытындағы бастауыш партия ұйымы сайлаудың өтуін қолдайды. Бұл туралы зауытқа барып, жұмысшылармен кездескен облыстық мәслихат депутаты Владимир Бубенко айтты. Ол кәсіпорын жұмысшыларын азаматтық ұстанымын білдіріп, ел тағдырын шешуге сеп болуға шақырды.

Владимир БУБЕНКО, СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халыққа сайлау жайлы, оның тәртібі мен кезеңдері жайында ақпарат таратуға келдім. Жұрт сайлаудың кезектен тыс өткізілуін қолдап отыр. Облыстық мәлсихатта 31 депутат бар. Оның көбі ірі аграрлық компаниялардың басшылары. Олар да өз жұмысшыларымен кездесіп, сайлаудың қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіреді.

Бүгін «Nur Otan» партиясының Өскемендегі филиалына мұғалімдер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің жетекшілері жиналды. Олар Елбасы жүктеген тапсырмалардың орындалу деңгейін саралады. Сондай-ақ, облыстық конференцияға қатысатын делегаттардың тізімін нақтылады.

Зарина ҚИМАСОВА, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған партияның елордада өткен съезіне мен де қатыстым. Онда денсаулық сақтау саласын ілгері жылжытатын бірегей жоба әзірленді. Біздің партияның атынан осы бағдарламаларды жалғастыра білетін кандидат сайлауға түседі деп ойлаймын. «Nur Otan» партиясының барлық бағдарламалары әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

А. Құрманкин