Русский Сайттың толық нұсқасы

Мыңнан астам ескі кино мемлекет қорғауына алынады

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2019
  • 4321

Павлодарда мыңнан астам ескі кино коллекция мемлекет қорғауына алынатын болды. Құнды жәрігерлерді кино-механик Яков Коновалов жинаған. Былтыр өмірден озған ақсақал киномузей ашуды армандапты. Енді жергілікті билік коллекционердің заттарын өз қарауына алып, кинобобиналар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына тапсырылды. Тақырыпты Өзгеріс Қуанар сабақтайды.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

155 данадан тұратын бұл киноленталар өткен ғасырдың құнды жәдігерлерінің бірі. Өйткені, бұл күйтабақтарда есте жоқ ескі заманнның небір классик туындылары жазылған. Ішінде қазақтың біртуар перзенттері Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин туралы деректі фильмдер бар.

Бұнымен қоса көркем фильмдер де сақталған. Мәселен, Лев Толстойдың «Соғыс және Бейбітшілік» шығармасы 17 бөлімнен құралған.   

Гүлжанар АҚШОЛАҚОВА, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ:   

Біз осы киноаппартура арқылы кино көрсеткенде көрермендер жылап та алады. Еске алып кезінде осылай мәдениет сарайына барып, осындай фильмдерді көруші едік деп. Қалай айтсам... Басқаша еске алады. Басқаша түсінеді. Әсері басқаша болады.

Өткен жылдан бері бұл коллекция қараусыз қалды. Өмірінің 60 жылын кинотуындыларды жинаумен айналысқан Яков Коновалов өмірден озды. Көзі тірісінде ешкімге тиіскізбеген жәдігерлер қолды болып, талан-таражға түскен. Мәселеге коллекционердің қызы Ирина араша түсіп, әкесінің жиған-терген байлығын мемлекет қарамағанына тапсырды. Айта кетейік, күйтабақтар бұған дейін Ақсу қаласындағы қарттар үйінде сақталған болатын. Енді құнды жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына берілді. 

Гүлнәр НҰРАХМЕТОВА, Г.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ:        

Қазір 155 дана музей тапсырылды. Енді әрмен қарай онымен жұмыс жасаймыз. Бізде «Музей түні» деп жылда өткіземіз. Сол музей түндерінде мына келген балаларға бұрынғы ескі киноларды көрсетеміз.

Қызының айтуынша әкесі Яков Коновалов - кинотуындыларды 12 жасынан жинаған дейді оның қызы. Кейін 14 жасында кино-механик мамандығына оқуға түседі. Кейін оқуды бітірген соң ауыл-ауылдарды аралап, ескі киноленталарды жинапты. Коллекционер тек күйтабақтар жинап ғана қоймай, деректі фильмдерді де түсірген.  

Ирина КОНОВАЛОВА, КОЛЛЕКЦИОНЕРДІҢ ҚЫЗЫ: 

Оның негізі мамандағы оқытушы болды. Училищеде шебер болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Ақсудың кинотеатрында халыққа кино көрсетумен айналысты. Ол кино саласын ешқашан тастаған емес. Кино түсірілімдер де жасап жүрді. Түрлі іс-шараларда камерасын көтеріп, кейде таңғы 6-7-де тұрып, түсірілім жасайтын. Ешкімге ешқашан көмек қолын созудан бас тартқан емес. Кино оның екінші өмірі болды.

Облыстық музей басшылығы бұл коллекцияны құнды жәдігер деп бағалады. Себебі, қазіргідей жаһандану заманында тұпнұсқада жазылған ескі ленталарды табу қиынға соқтырады,-дейді Гүлнәр Нұрахметова. Сондықтан музей ұжымы алдағы уақытта коллекцияны асқан мұқияттылықпен қарап, кәдеге жаратпақ.  

Ө. Қуанар