Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі жыр фестивалінде жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2019
  • 2999

Дәстүрлі өнер дүлділі Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен халықаралық жыр фестивалінде жеңімпаз атанды. 5 күнге жалғасқан өнер додасы Термез қаласында алғаш рет ұйымдастырылған. Қатысушылар Корей, Моңғолия, Малайзия, Венгрия, Сербия мен Түркия секілді 70-тен аса мемлекеттен келген. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Ұлжан Байбосынова – «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі. 160-тан аса жыршы қатысқан сайыста бас жүлдені алып, қазақ өнерінің абыройын асырды. Мұны Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатында Шавкат Мирзиёев те ерекше атап өткен еді.  

Шавкат МИРЗИЁЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Жақында біздің елде өткен халықаралық бахшы фестивалінде Қазақстан атынан қатысқан Ұлжан Байбосынованың гран-при алғаны қуантады. Қазақстандағы достарымызды шын жүректен осы жеңіспен құттықтаймыз!

А. Бектас