Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы мен жәрдемақының бірқатар түрін тағайындау жеделдетіледі

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2019
  • 4597

Зейнетақы мен жәрдемақының бірқатар түрін тағайындау жеделдетіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған заң жобасын» талқылау кезінде мәлім болды. Проактивті тәсілмен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заң жобасына депутаттар бастамашы болған. Қазір туу туралы куәлік, балабақшаға кезекке тұру, бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, баланы есепке қою сынды қызметтер осы пилоттық форматта жүргізіледі. Бүгінде 104 мың жаңа туған нәресте ата-анасы проактивті қызметтерді алған.  

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Қызметті алу үшін бұрын ата-аналар ең кемінде екі жұма жұмсап, біраз мекемелердің табалдырығын тоздырып, біраз құжат жинауға мәжбүр болатын. Бүгінгі таңда ата-аналар мына проактивті қызмет арқылы ешқайда барудың қажеті жоқ оларға. Мынау қарапайым sms-хабарламамен осы 5 қызметті үйде отырып-ақ ала алады. 

Ал, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы сын көтермейді» - деді. Спикер цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің су жаңа вице-министрі Абылайхан Оспановқа шүйлікті. Ол «Е-халық» жүйесі жұмыс істемейді, ақаулар бар деп отыр. Қаржы министрлігінің кедендік жүйесі де мәз емес деді. Ал, көзді ашып жұмғанша ауысып кететін министр орынбасарларының бастаған жұмысы аяқталмай қалатынына налыды.  

- Вы недавно работаете, да?!

- Да! 

- Откуда Вы пришли?

- С Государственной Корпораций правительство для граждан

- Я думал с минкультуры. Прям поешь, слушай ! Айналайын Абылайхан Есенович, айтып берші бізге. Что происходит вообще? Вы общие слова научились говорить. Опять тоже самое - у нас есть план совместных мероприятий, действий. Результат, когда будет? Серьезные деньги выделяются с госбюджета. Вы их успешно осваиваете. Где результат?

Вице-министр Абылайхан Оспанов аталған проблемаларды жыл соңына дейін шешуге уәде берді. Айта кету керек, Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы биыл, 10 пайызы 2020 жылға дейін электронды форматқа көшуі тиіс.  

Н. Біләл