Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалға пәтер алатын аз қамтылған көпбалалы отбасылардың табысы қанша болу керек ?

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2019
  • 3779

Отбасының әр мүшесіне шаққанда айлық табыс 92 мың теңгеден аспайтын көп балалы отбасылар тұрғын үйді жалға ала алады. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Заң жобасы тұжырымдамасында «Көпбалалы отбасы» және «сатып алу құқынсыз жалға алынған үй» ұғымдары айқындалған. Құжатты әзірлеушілер оны парламент қарауына мамыр мерекелерінен кейін ұсынбақ. Тағы бір айта кетерлігі, көп балалы отбасылар баспана кезегінде жеке категория болып бөлініп шығады. Және оларға пәтер бірінші кезекте беріледі.  

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

3,1 айлық ең есепке көбейтіледі. Соны есептегенде егер отбасыға келетін кірісі әрбір адам басына шаққанда шамамен 92 мыңнан көп болмауы керек. Егер осы бағдарламаға үміткер болса.

Жалға алынатын үйлер салынады не сатып алынады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді жалға алу құнының бір шаршы метрі шамамен 115 теңгені құрамақ. Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев ақпан айында үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 40 мыңнан аса жалға берілетін пәтер салуды тапсырған. Бұл мақсат үшін алдағы жеті жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінбек. 

М. Бақытқызы