Танымал айтыскерлер Қазақстан қалаларын аралап, жырдан шашу шашады. 25 сәуір Талдықорған қаласында басталатын «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур 22-і қаланы қамтиды. Айтысқа танымал айтыскер ақын Балғымбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Сара Тоқтамысова және сол өңірлердің жас буын өкілдері қатысады. Жобаға қолдау білдіріп отырған Мәдениет министрлігі, осылайша ұлттық өнерді дәріптеуді көздеп отыр. Ал, билеттен түсетін қаржының 50 пайызға жуығы қайырымдылыққа жұмсалады.
Балғынбек ИМАШ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
Республиканың түкпір-түкпірін әртүрлі әншілер, топтар аралағанымен, ақындардың көші былай Қазақстанның барлық аумағын аралап шыққан емес. Алға қойып отқан мақсатымыз - республианың барлық түкпір-түкпіріндегі айтысты аңсаған, шөлдеген, сағынған көрермендердің барлығымен тікелей барып өздерімен қауышып, пікірлесіп, соларға керекті рухани азық беріп қайту.
А. Өмірзақ