Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер жетіспейді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2019
  • 3435

Павлодар облысының тұрғындары шенеунік болуға асықпайды. Әкімдіктердегі бос жұмыс орындарына ешкімнің барғысы жоқ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері хабарлады. Қазір аймақтың мемлекеттік органдарында 551 бос орын бар. Олардың 40% басшылық лауазым болса, 60%-ы негізгі қызметкерлер. Бос орындардың көпшілігі Павлодар қаласының әкімдігіне тиесілі. Мұнда 49 маманның орны бос тұр.   

Сания ХАСЕНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Павлодар қаласы бойынша 49 адам, Екібастұз қаласы бойынша 24 адам. Аудандардың арасында барлығы 154 адам жетіспейді. Оның ішінде Успен ауданында 31 адам жетіспейді. Аудандарда мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақасы 50 мыңнан 70 мыңға дейін.

Ал департамент биылдан бастап, жас баласы бар мемлекеттік қызметшілерге қолайлы жұмыс тәртібін енгізген. Пилоттық жоба жыл соңына дейін қолданылмақ. Яғни, маман жұмысқа таңғы 8:30-дан келіп, кешкі 17:30-да үйіне қайта алады. Бұл қызметкердің баласын балабақшаға апарып, мектептен алып кетуіне қолайлы болуы үшін жасалған. 

Ө. Қуанар