Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат С. Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2019
  • 4262

Президент болудан үмітті тағы бір кандидат Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді. Лингвистикалық комиссия осындай шешім шығарды. Емтихан үш кезеңнен тұрды. Үміткер «Тәулесіз мемлекеттер достастығы - тарихы мен бүгіні» тақырыбында шығарма жазды. Әбіш Кекілбайдың «Дала балладасының» мәтінін оқып, оқу мәдениетін көрсеткен. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидаттың сөз сөйлеу мәдениетін де тексерді.  

Ғарифолла ЕСІМ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:  

«Бабалар сөзі- даналық көзі» деген тақырыпты алды. Сол бойынша сөз сөйледі. Ол кісін өзінің қазақша еркін ойлап, еркін сөйлеп, өзінің пікірін белдіре алатынын дәлелдеп шықты. Яғни, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетті.

Сәдібек Түгел 22 сәуір күні «Ұлы дала қырандары» республикалық бірлестік мүшелерінің шешімімен кандидат ретінде ұсынылды. Елде президенттік сайлау маусымның 9-ы күні өтеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.  

Г. Меңдеева