Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулағандардың үстінен 8 қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2019
  • 3531

Батыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулағандардың үстінен 8 қылмыстық іс қозғалды. Қазір балықтың уылдырық шашатын уақыты. Сондықтан 10 сәуірден 15 маусымға дейін Жайық өзенінде балық аулауға тыйым салынған. Осыған сай өңірде «Бекіре» алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Рейдтік тексеру кезінде 35 заңбұзушылық анықталып, 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Олардан заңсыз ауланған 9 тоннадай балық тәркіленіпті. Егер табиғатқа келген шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, заңсыз балық аулағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Ал шығын көлемі бұған жетпесе, әкімшілік айыппұл салынады.   

Нұрбол САХИПОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Заңсыз балық аулау құралы анықталып отыр. Бұл ауда өздеріңіз көріп отырғандай 20-30 шақты уақ балық түскен. Мына балықтың бәрі уылдырық шашу үшін Жайық өзенімен жоғарыға көтерілген. Балықтың барлығы тірі болғандықтан, оларды өздерінің мекеніне Жайық өзеніне жібереміз.

Е. Карин