Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық «Зенит» зауыты жаңа кемесін шығарды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2019
  • 5550

Оралдық «Зенит» зауыты «Нұр-Сұлтан» деп аталатын жаңа кемені жасап шығарды. Су ығыстырымдылығы 240 тонналық бұл кеме шекара қызметінің тапсырысы бойынша жасалған. Бұл - оралдық кәсіпорынның отызыншы өнімі. Ұзындығы 42 метрлік кеменің жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жуық, ашық теңізде өздігінен он күн бойы жүре алатын кеме қуатты қару және озық байланыс құралдарымен жарақталып, еліміздің теңіз қақпасын күзетеді. Бірақ зауыттықтар тапсырыстың аздығына қынжылады. Кәсіпорынның мүмкіндігі зор болғанымен, жылына бір катер әлі де кемемен ғана шектеледі. 

Сабыр ХАСАНОВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Енді бәрі мемлекетке байланысты, бәрі қаражатқа байланысты. Соңғы жылдары кішкене мына осындай корабльдер жеткілікті болғанымен, басқа одан да үлкен кемелерді жоба бойынша қарастырамыз.

Соғыс жылдарында құрастырылып, небір сұрапылды өткерген зауыттың өткені мен ертеңі туралы ертең сенбі күні «Біздің уақыт» бағдарламасынан сағат 20:00-де көре аласыздар.

Е. Карин