Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар үшін 9 маусым үлкен жауапкершілікті талап етеді - «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2019
  • 3355

«Nur Otan» партиясының атынан кезектен тыс өтетін Президент сайлауына ұсынылған кандидат - дұрыс таңдау. Бүгін Нұр-сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент пен Павлодар өңірлерінің жұмысшы ұжымы осындай пікір білдірді. Және сайлауға атсалысуға әзірлік танытты.  

Елордалық дәрігерлер 9 маусымда кезектен тыс өтетін сайлауға өз үлестерін қоспақ. «Өркениет» бастауыш партия ұйымына Республикалық диагностикалық орталық, Ана мен бала орталығы, Ұлттық нейрохирургиялық, Кардиологиялық, балаларды оңалту, транспантология және онкология орталықтарының дәрігерлері біріккен.  

Максет РЫСБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Диагностика орталығында, Қазақстанда шешілмеген диагнотика, онкология мәселелері өте көп. Соларға көмек береді, жәрдем береді деген үміттемін.

Ал, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттері де саяси науқанға үлес қосуда. 75 жылдық тарихы бар бұл оқу орынында 21 мыңдай студент оқиды. Үш мыңнан астам профессор оқытушы бар. Студенттер мен педагогтар бүгінгі процеске белсенді атсалысты.  

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазақстан халқы үшін, қазақстандықтар үшін өте үлкен жауапкершілік туындап отыр. Себебі біз біріншіден өзіміздің қазақстандықтар үшін осы күнге дейін алып келген бағытымыздың тыныштық, ынтымақ және даму бағытын ұстап қалу, оны әрі қарай дамытуды осы сайлау айқындайтын болады.

Алматыда жолға төселетін плита мен бордюр шығаратын ұжым, алдағы сайлаудан үлкен үміт күтеді. Құрылыс компаниясының жұмысшылары елді жаңа белеске алып шығатын адам жеңіске жететіне сенеді.  

Нұрлан ЕЛЕУСІЗОВ, «АЛМАТЫИНЖСТРОЙ» АҚ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Бизнесті дамытуда біздің еліміз көптеген бағдарламаларды жүзеге асыруда. Болашақ Президентіміз де осы бағытты жандандыратынына біз сенімдіміз. Қарапайым халық үшін әл-ауқатының артуы мен тұрақтылықтың болуы маңызды.

Ақтөбелік мұнайшылары да «Nur Otan» партиясының XIX съезіндегі шешімді бір ауыздан қолдайды. Өңірдегі ең ірі «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының 300-ден астам жұмысшысы бастауыш партия ұйымына мүше.  

Тахталифум ЕСЕНҒҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:  

Біз Тәуелсіздік жылдарында экономикада, саясатта қаржыда көптеген жұмыстар істелді. Оны әрі қарай біз тереңдетіп жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан 9 маусым күні сайлау күні. Соған бәріміздің азаматтық борышымыз түгелдей қатысу.

Павлодарда мұнай коксын қыздырумен айналысатын жұмысшылар маңызды шарадан қалыс қалмады. Айта кетейін, 2015 жылы ашылған заманауи зауытта 400 адам жұмыс істейді. Оның тең жартысы «Nur Otan» партиясына мүше.  

А. Төребекқызы