Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарға тағы су жаңа 4 трамвай әкелінді

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2019
  • 3288

Павлодарға Белоруссиядан тағы су жаңа 4 трамвай әкелінді. Қыркүйекке дейін 9 трамвай келуі тиіс. Мамандар алдымен вагондарды сынақтан өткіземіз деп отыр.  

Виталий СИРИК, «ПАВЛОДАР ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Салон іші мен орындықтардың орналасуы жолаушылар үшін өте қолайлы. «Белкоммунмаш» кәсіпорыны біздің тапсырысымыз бойынша жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде алдында келген трамвайлардан бұл трамвайлар ерекшелене түскен. Еңсесі биік, салон ортасында монитор қойылған. Сондай-ақ, жүргізушіге де техникалық жағынан ыңғайлы.

Бұл трамвай паркін жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынған жобаның екінші кезеңі. Бұған дейін Керекуге 10 жаңа қоғамдық көлік жеткізілген болатын. Өкінішке қарай, олар уақытылы әкелінбей, жергілікті билікті біраз әбігерге салған еді. 2017 жылдың қазанында келуі тиіс вагондар тек 2018 жылы ғана жеткізілді. Себебі, трамвай қозғалтқышын өндіретін ресейлік кәсіпорын басқа елден тапысырыс алып қоюына байланысты павлодарлықтардың тапсырысын кейінге шегерген. Айта кетейік, Павлодарда трамвайлардың 70 пайызы ескірген. Қолданыстағы 104 трамвайдың 30 пайызға жуығы ғана жаңаға ауыстырылыпты. Мамандар жаңа қоғамдық көлік электр энергиясын үнемдейді деп отыр. 

Ө. Қуанар