Русский Сайттың толық нұсқасы

Рамазан айының басталуына бір апта уақыт қалды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2019
  • 4586

Құранды жатқа оқудан дәстүрлі республикалық жарыс аяқталды. Шараға 558 қари қатысуға ниет білдірген. Іріктеу барысында оның 70-і Алматыға жолдама алған. Олар үш күн бойы өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар арасында 6 жастағы бала да бар. Биыл 8-ші рет ұйымдастырылған байқауға демеушілер жүлде қоры 16 млн. теңге болатын ұтыстар тіккен. Бас жүлде - автокөлік 19 жастағы маңғыстаулық жігітке бұйырды. Ол қасиетті кітаптағы сүрелер мен аяттарды толық жаттап алыпты.  

Серікбай қажы ОРАЗҰЛЫ, БАС МҮФТИ: 

Бүгін біздің отандық мамандарымыз діни-ғибадаттық рәсмідерді орындауға толықтай орындай алатын дәрежеге жеттік. Біз бұрынғыдай тапшылық жоқ, сырттан біз бұрынғыдай миссионерлер, құран үйретуші, теологтарды шақыртуды тоқаттық.

Айта кетейік,  шараға Алматы қалалық орталық мешіті мұрындық болды. Тура бір аптадан кейін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Қазақстан мұсылмандары 6 мамыр таң намазы қарсаңында ауыз бекітеді. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні деп белгіленді. Ал 4 маусым Ораза айттың бірінші күні. Сондай-ақ, пітір садақа көлемі биыл 300 теңге болып бекітілген.  

Р. Асқарбекұлы