Ынтымақ пен бірлік-дамудың кілті. Ал бір-бірімен текетірескен алып елдер ақылынан адасқан. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 27-ші сессиясына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Діні, тілі бөлек ұлттардан құралған Қазақстанды кезінде Балқан түбегі елдерінің тағдырын қайталайды. Басы бүтін ел болмайды деп болжағандар бар», - деді Елбасы. Қазақстан төзім мен татулық арқылы мұны жоққа шығарды. Әлем елдеріне үлгі болған үрдісті әрі қарай да дамытуға үндеді. Жер-жерде атқарушы биліктің жұмысын бағып отырған Қоғамдық кеңестерге Ассамблея өкілдерінің де араласуын тапсырды. Кейде ұсақ дүрдараздық та тұтас мемлекетке кесірін тигізіп жататынын ескертті.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚХА ТӨРАҒАСЫ:
Все сегодня в мире об этом говорят - конфронтация, санкции Америки против России, торговая война с Китаем, Европа, Азия... В общем, с ума сошли все. Расцвет и развитие лежат только через интеграцию. Сначала интеграция, торговля между соседями - это база для человеческого и политического сближения.
Сондай-ақ, Ассамблея төрағасы кезінде қазақ жерін мекендеп, тарихи отанына көшіп кеткен өзге ұлт өкілдерінен шетелдік достар клубын құрып, инвесторлар тартуды ұсынды. Әдеттегідей, елбасы алдына шығып сөз сөйлеген кейіпкерлдердің тағдыры таң қалдырады. 1995 жылы Шешенстанда соғыс басталып, жарақат алған екі жасар баланың көзі соқыр болып қалады. Сол жылдары отбасымен бас сауғалап Қазақстанға көшкен жігіт бүгінде 5 тіл біледі. Білдей бір мұнай компаниясында басшы.
Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «ЕМИР-ОЙЛ» ЖШС КЕН ОРНЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
26 жасымда малайзиялық «Емир-Ойл» компаниясының кен орындары бойынша басқарма бастығы болдым. Бұрынғы босқын, соқыр, соғыс баласы... Қазақстанда еңбектің арқасында жетістікке жету мүмкін емес дегенді маған енді біреу келіп шамасы жетсе дәлелдеп көрсін.
М. Дюсекина