Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы Жетісай қаласында нөсер салдарынан тұрғын үйлерге зақым келді

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2019
  • 6119

Түркістан облысында өткен аптадағы толассыз жауын салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер апатты жағдайға жетті. Жетісай қаласындағы қос қабатты мына үйлердің тұрғындары үреймен күн кешіп жатыр. Алды баспанасын тастап, туыстарын жағалай бастаған. Тек басқа барар жеріміз жоқ дегендері амалсыз тұрып жатқандарын айтады. Тұрғындардың сөзінше пәтер қабырғалары қақырай бастапты. Жарықтар күн өткен сайын үлкейіп келеді. Қазір кейбірінің бөлме ішілік қабырғалары құлап жатыр, ал едендері 10-15 сантиметр шөгіп, төмен түсіп кеткен.  

Бәрі кетті уже, мынау бос тұр әшейін. Екінші этаждағы плита перекрытие анау кетсе құлайды төмен қарап. Өте қауіпті. 

Қарлығаш ДҮКЕНОВА, ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Біз алдын ойлағанбыз жер қимылдады ма... Неден деп өзіміз түсінбей қалдық. Ал азанда тұрсақ жәйлап бара-бара ашылып жатыр, біз қорқа бастадық. Бұрын балаларды үйден мен келгенше шықпаңдар дейтін ем, ал қазір керісінше үйге кірмеңдер, далада ойнаңдар, құлап қала ма деп қорқып жүрмін.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше Жетісайдағы жиырма пәтерлік бес үйдің күйі кеткен. Бұған нөсерден жер асты суы көтерілуі себеп. Үйлердің асты суға толып қалған деп отыр. Қазір ауданда комиссия құрылыпты. Тұрғындарды қауіпсіз аумаққа көшіріп, қабырғасы сөгіле бастаған үйлердің жағдайын анықтап жатыр. Әкімдіктің айтуынша баспанасына зақым келгендерге қаржылай көмек беру жағы қарастырылады. Айта кетейік, 1965 жылы салынған бұл үйлерде жалғызбасты, көпбалалы аналар мен соғыс ардагерлері де тұрады.     

Тұрышбек ЕЛШІБАЕВ, ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Биыл өздеріңіз білесіздер көп жылда болмаған жауын жауып, соның әсерінен үй сәл отырған. Соның зардабы. Егер қорқынышты, бұл үйде тұрмаймыз деген жанұяларға біз квартира қарастырып жатырмыз, көшіреміз, қашан ремонтталып болғанша олар басқа жерге қоныстандыра тұрамыз. Қол ұшын береміз ол кісілерге. Өйткені көпбалалы аналар тұрады ол жерде.

А. Төребекқызы