Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония Императоры Акихито тақтан кетпек

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2019
  • 3904

Жапония Императоры Акихито тақтан кетпек. Ол бүгін биліктен кетер алдындағы бірқатар діни және отбасылық рәсімдер жасады. «Рейтерс» агентігінің хабарлауынша, 85 жастағы монарх синтоистикалық шіркеу пен император ата-бабалары мен киелі Күн құдайы Аматэрасу шіркеулеріне барып қайтқан. Ал тақтан түсу шарасы 1 мамырға жоспарланған. Билік Акихитоның тақ мұрагері-үлкен ұлы 59 жастағы Нарухито ханзадаға беріледі. Ол үшін Жапония парламенті Хризантемалық, яғни, «Мәртебелі» тақты өмір бойы иеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру туралы ерекше заң қабылдаған. Негізі Император үйі заңы мен Жапонияның ата заңы бойынша тақ императордың өлімінен соң ғана берілуі тиіс. Ал Акихитоның тақтан көзі тірісінде кетуі соңғы 200 жылда бірінші рет болмақ. Ол түрлі апаттар мен аурулардан жапа шеккендерге қамқорлық көрсеткені үшін жапондықтардың сүйіспеншілігіне бөленген билеуші. Ол биліктен егде жасы мен денсаулығына байланысты кететінін мәлімдеген.