Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде қашқын банкир М. Әбләзовке қатысты 60 млрд рубльге жуық қаражат жымқырды деп айып тағылып отыр

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2019
  • 3156

Ресейде қашқын банкир Мұхтар Әбләзовке қатысты 60 млрд рубльге жуық қаражат жымқырды деп айып тағылып отыр. Іс сотқа жолданған. Бұл туралы «Прайм» басылымы Ресей Федерациясы Бас Прокуратурасының ресми өкілі Александр Куреннойға сілтеме жасап хабарлады. Онымен бірге БТА банктің тағы алты қызметкері сотталмақ. Олардың бәрі Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдарынан қашып жүр. Тергеуге сенсек, 2006-2009 жылдар аралығында сотталушылар БТА банкінен 58 млрд рубль ұрлаған. Олар қарызға сатып алынған жер телімдерін кепілге алып, несие берген. Кейін Әбләзов пен оның жақтастары ипотека келісімшарттарын заңсыз түрде тоқтатқан. Нәтижесінде банк кепілзатты өндіріп алу мүмкіндігінен айрылды. Ал мүліктерді үшінші тұлғалар арқылы олар өз иеліктеріне алған. Қылмыстық іс Мәскеу облысының Домодедов қалалық сотына жіберілді. Алайда сотталушылардың түгелі сотқа келгісі жоқ. Өйткені айыпталушылар Ресей Федерациясынан тыс жерде жасырынып жүр. Еске салайық, Әбләзов Қазақстанда 2004 жылы бизнес-серіктесі Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін сырттай жазаға кесілген еді.