Русский Сайттың толық нұсқасы

«ҚазТрансОйл» АҚ-да 400-ден астам студент ақысы төленетін тәжірибеден өте алады

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2019
  • 3343

«ҚазТрансОйл» компаниясы студенттерге өндірістік іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасап жүргені белгілі. Бірақ биыл алғаш реет практиканттарға ақы төленетін болады. Ол үшін 21 орта және жоғары оқу орнымен уағдаластыққа қол қойылды. Жыл сайын сол студенттердің ішінен 40-қа жуық үздігі таңдалып, жұмыспен қамтылады. Данияр Қайыртай жалғастырады.  

Мұнай-газ ісі мен инженерлік-техникалық мамандықтарда оқитын студенттер осы жаздан бастап ақысы төленетін өндірістік практикадан өте алады. Мұндай мүмкіндікті «Жастар жылына» орай «ҚазТрансОйл» компаниясы ұсынып отыр. Ол үшін Білім және ғылым министрлігімен екеуара меморандумға қол қойылды. Жоба 5 жылға есептелген. Оған 11 жоғары оқу орны мен 10 колледж қатысады.

Димаш ДОСАНОВ, «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Биыл біз маусым мен тамыз айлары аралығында 430 студентті ақысы төленетін өндірістік іс-тәжірибеге қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін төлем мөлшері 100 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін болады. Ал колледж студенттеріне 70 мыңнан 80 мың теңгеге дейін төленеді. Осының бәріне 55 млн теңге қарастырып отырмыз.

Практикаға кез келген білім алушы қабылданбайды. Арнайы іріктеуболады. Студенттің оқу үлгерімі де, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі де ескеріледі. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж және көп балалы отбасыдан шыққандарға басымдық берілмек. Студенттер ҚазТрансОйлдың 12 аймақтағы 10 өндірістік нысанында тәжірибеден өтеді. Үздік нәтиже көрсеткендер бос орынға жұмысқа қабылданады. Ол үшін арнайы кадр резерві жасалады. 

Фатима ЖАҚЫПОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл бастаманың негізгі нәтижесі-оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуы болмақ. Бұл тұрғыда «ҚазТрансОйл» тәжірибе өткендердің ішінен бос жұмыс орындарына конкурстық негізде үміткерлерді қабылдауға мүдделі.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамындағы қызметкерлердің 58 пайызы жұмысшы. Ал ондай кадрларға деген қажеттілік жылдан-жылға өсіпкеледі. Себебі, жыл сайын компаниядан 120-ға жуық маман зейнеткерлікке шығып жатады. Олардың орнын осы практикант-студенттермен толтыру көзделіп отыр.  

Орал ЫДЫРЫСОВ, «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өзімізге сәйкес мамандар бар. Ол-товарный оператор дейді, оператор НПС дейді, химлаборанттар бар. Бізгеқыздар да келіп жұмыс істеуіне мүмкіншілік бар. Бізде енді профессиялар жеткілікті. Слесарь-ремонтник, жүргізушілер, әринебізде 30-дан астам маман бар.

Компания әлеумет алдындағы жауапкершілігін ұмытқан емес. Мәселен, былтыр компанияның Атырау қаласындағы бөлімшесінің ғимараты студенттерге жатақхана ретінде берілген. Қазір онда мемлекеттік университеттің 200-ден астам студенті тұрады. 

Д. Қайыртай