Ақтауда тағы қандалаға қатысты оқыс оқиға қайталанды. Бұл жолы анасы мен екі баласы зардап шекті. Отбасы мүшелері түгел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Удың уытынан әуелі үйдегі егеуқұйрықтар мен теңіз шошқасы сеспей қатқан көрінеді. Кейін отанасы мен оның үлкен баласы есінен танып қалғандарын айтады.
Юлия СМИРНОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Түнгі сағат шамамен бес кезінде осындай сұмдық жағдайда ояндық.Мен бірден есімнен танып қалдым, қанша уақыт жатқанымды да білмеймін. Есімді жиғанымда ұлым талықсып, жүрегінің жаншып жатқанын айтты. Қатты демігіп жатыр екен. Басы айналып, сандырақтай бастады.
Көпқабатты үйдің тұрғындары мамырдың бірі күні Смирновтардың төменгі көршісі қандала улағанын айтады. Алайда, ол ешкімді ескертпеген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілгендіктен анасы мен қызы үйіне жіберілді.12 жастағы бала әзірге дәрігерлер бақылауында болмақ. Еске салайын,бұл Ақтау жақтағы қандаланы улаудан кейін болған алғаш оқиға емес. Былтыр қараша айында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында құрт-құмырсқаны жою жұмыстарынан соң ана мен екі жастағы бала опат болған еді. Оқиғаға қатысты сот процесі басталып, кейін қосымша тергеуге кері қайтарылды. Биыл қаңтар айында қандаланы улау кезінде 6 жастағы бала ажал құшты.
З. Санай