Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген - Ә. Ахметов

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2019
  • 4276

Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевті Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. 66 жастағы үміткер саяси додаға «Халық демографиясы» бірлестігі атынан қатыспақ болған. Бүгін ол мемлекеттік тіл сынағынан сүрінді. «Мемлекет және дін» тақырыбында шығарма жазған академик 13 сөйлемнен 19 қате жіберген. Лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов осылай деп мәлімдеді. Ол 3 тапсырмаға берілген уақытты толық пайдаланған. Бірақ 1,5 сағат отырып, тақырыпты мүлдем аша алмаған көрінеді.  

Әділ АХМЕТОВ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ: 

Өздеріңізге белгілі 8-ден асса, ол шығарма теріс бағаланады. Сондықтан Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты.

Ал, Жұматай Әлиевтен басқа 7 кандидат мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінген жоқ. Енді олар 118 140 қол жинап үлгеруі шарт. Еске салайық, елде кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. 

А. Бектас