Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы бірлік мерекесін атап өтті

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2019
  • 2701

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлік күнімен құқттықтады. Елбасы елордада түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалап, дастарханынан дәм татты. Арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. «Ынтымақ, бірліктің ақасында біз Тәуелсіз мемлекет құрдық» деді ол өз сөзінде.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз енді тарихта осындай көп этносты, көп ұлтты болғанымызда ешкімнің жазығы жоқ. Біздің де жазығымыз жоқ. Тарих солай болды, өмір солай болды. Осылай алып келіп, осындай жасады. Сондықтан біз басқа елге қамқор болып, қазақ деген халық басқа елдің ұйытқысы болып жайбарақат жүріп жатырмыз.

Қазақ елі алаңында эстрада жұлдыздары концерт қойды. Спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ассамблея төрағасы биылғы мерекенің Қазақстан Халқы ассамблеясының сессиясымен сәйкес келуінің символдық мәні бар екенін айтты. Өз мәдениетін, дәстүрін қазақ халқымен бірге жаңғыртып жатқан өзге ұлт өкілдерінің құттықтауы да ерекше.  

Наргиза МАХМҰДОВА, ҰЙҒЫР МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Қазақстанда тұратын ұйғыр халқы туралы ең айтатыным - әр түрлі елде ұйғырлар бар. Олар бәрі бақытты. Бірақ Қазақстанда тұратын ұйғырлар ең бақытты. Қазақстанда туып өстік және осы елде мәдениетімізді, тілімізді дамытуға үлкен мүмкіндіктер жаратылған.

А. Сейфулла