Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ірі инвесторлар үшін валюталық өтемақы қарастыруы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2019
  • 4346

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қарау кезінде бюджет шығындарын азайтатын ұсыныстарға назар аудару қажет. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр шенеуніктерге осындай тапсырма берді. Қазір барлығы 1300-дей жобаға 3 триллион теңге қарастырылған. Асқар Мамин тұрғын үй-коммуналдық, көліктік және энергетика саласындағы ірі жобаларды қарау кезінде халықаралық тәжірибедегі механизмдерді енгізіп, осы саланы дамытуды жүктеді. Ұлттық экономика министрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ақша құюға дайын инвесторлар үшін валюталық тәуекелді төмендетпек ойда. Бірақ валюталық өтемақы ірі келісімдер жасалса ғана берілмек.  

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Келісімді дұрыс құрса, бюджетке түсетін ауыртпалықтан арылуға болады. Валюталық өтемақы қарастырылмаса инвесторлар келмейді. Егер осындай мүмкіндік беретін болсақ, келіссөз кезінде бюджетке салмақ салмайтындай формула табуға болады. Мысалы, келісімде валюта бағамы 15 пайыздан көтерілетін болса деп жазсақ, онда шығынды бюджет көтереді.

Мемлекет жер мен инфрақұрылым берсе, жобаны өз қаражаттарына іске асыруға дайын инвесторлар да бар. Үкімет мақұлдаса болды. Бұл да бюджетің біраз қаржысын үнемдемек.   

Талғат МАТАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Үш категорияға бөліп жатырмыз. Толық бюджеттен көмек алатындар, жартылай көмек алатындар және бюджеттен көмек сұрамайтындар. Қазір ондай цифра жоқ қанша үнемделетіні. Бірақ көп болады деп ойлаймыз .

Г. Меңдеева