Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2019
  • 7428

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерге мемлекеттік награда тапсырды. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында олар Даңқ, Айбын, Құрмет ордендері, Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін медальдерін тағынды. Барлығы 26 азамат марапатталды. Оның ішінде бір әйел бар.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бүгін ортамызда еліміз бен жерімізді адалдықпен аянбай қорғаған қаһармандар тұр. Олардың арасында адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырлары бар. Сіздердің ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

Аянбек Кенжешов екінші мамыр күні астанда өртенген жатақхана терезесінен үш баланы аман алып шыққан. Бүгін ол «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Жалынмен жиі бетпе-бет келетін Аянбек үшін адам өмірін құтқару - күнделікті жұмыс.  

Аянбек КЕНЖЕШОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД №1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Келген кезде адамдар, 500 шақты шақты адам бар жатақханада, әрбіреуі менің балам анау комнатада, менің інім мына комнатада дегеннен кейін біздің ең бірінші мақсатымыз - адамдарды құтқару, одан кейін құнды мүліктерді құтқару, сосын өрт сөндіру болып саналады. Сондықтан ең бірінші адамдарды құтқаруға көштік.

Тұңғыш Президенттің 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығына байланысты еліміздің қарулы күштері құрылды. Биыл 27 жылдық мерйтойын атап өтетін Қазақстан қарулы күштері әлемдегі мобильді әрі қауіп-қатерлерге төтеп беретін армиялар сапына жатады. Негізінен 4 әскери округке бағынатан Қазақстан қарулы күштері сапында 120 мыңға жуық әскери маман қызмет етеді. Олардың негізгі құрамы келісім-шартпен жұмыс жасайтын қатардағы сарбаздар мен отандық білім орындарында оқыған офицерлерден жасақталған. Бұл күн елімізде мемлекеттік мереке және күнтізбеде демалыс ретінде белгіленген.  

А. Сейфулла