Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысына Парламент Мәжілісі депутаттары зауыт жұмысшыларымен кездесті

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2019
  • 4073

Ақтөбе облысына жұмыс сапармен келген Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы депутаттары бүгін хром қосындылары зауытындағы жұмысшылармен кездесті. Көпшілікті баспана алу, зейнетке шығу жасын қысқарту және жұмысқа табу мәселелері толғандырады. Зауытта екі мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.   

Бейбіт МАМРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Ақтөбе хром қосындылары зауытындамыз өздеріңізге белгілі байырғы өткен ғасырдың ортасынан басталатын тарихы бар зауыт. Бұл зауыттың өнімдері көбіне шетелге шығады. Зауыттың проблемалары да жоқ емес деп ойлаймын. Өзекті мәселелерді естіп оған сол жерде болсын түсініктеме беріп, облыс деңгейінде республика деңгейінде шешілетін мәселе.

Ал, Қызылорда облысына барған депутаттар арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында болды. Бұл жерде Даун, сал ауруына шалдыққан жүзден аса бала емделіп жатыр. Соңғы екі жыл ішінде дертінен құлан таза айыққан отыз бала отбасына оралыпты. Жетпіске жуық баланың жағдайы жақсара түсіп, арбаға танылған он бес бала аяққа тұрған. Білікті мамандармен заманауи технологияның арқасында осындай ғажайып нәтижелерге қол жеткізген орталыққа тек қана бір ғана шешілмеген мәселе бар екен.  

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Проблеманың біреуін ғана айтты, осы жерде келетін жолды кішкене жөндеу керек деп. Ол туралы біз қазір жергілікті әкімшілікпен жұмыс жасайтын боламыз жол бойынша. Халықтың бәрі өте риза. Енді кейбір жерде шағын, шағын проблемалар болады жергілікті. Кейбір жерде жол ремонттау керек, кейбір жерде-су мәселесі, ауыз су мәселесі көтеріліп жатады. Оның бәрін, мен ойлаймын, бірте-бірте оның бәрін шешеміз деп ойлаймын.

Б. Рахметова