Русский Сайттың толық нұсқасы

Қажылыққа баратын азаматтар міндетті түрде екпе салдырады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2019
  • 4183

Ал қажылыққа баратын азаматтар вакцина салдыруға міндетті. Бұл туралы еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин айтты. 15 мамырдан бастап Сауд Арабиясына аттанатын әрбір адам менингококкқа қарсы екпе алады. Бұған Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қосымша 2000 доза сатып алған. Қазақстанда үлкен қажылық 11 тамызда басталады. 5 парыздың бірін өтеуге 3200-ге жуық отандасымыз бармақ. 160 елден 2 миллионға жуық адам жиналатын аймақта жұқпалы ауру тарау қаупі жоғары. Сондықтан сапарлаушылар куәлік көрсетуге міндетті. Ал 21 мамырдан 1 маусымға қараған түн қасиетті Қадір түні. 5 маусым - Ораза айт мерекесі.  

Жәнділлә БЕКЖІГІТОВ, ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Екпе егіліп, инфекция жұқтырмау амалдарын жасап бару міндеттелген болатын. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе қажыларға баратын азаматтар үшін мамырдың 15-нен бастап еліміздің 8 қаласында 14-ке жуық медициналық ұйымдарда менингококк инфекциясына қарсы екпе жұмыстары басталады.

А. Бектас