Русский Сайттың толық нұсқасы

М. Әшімбаев Еуроодақпен арадағы әріптестік жайын Свен-Олов Карлссонмен талқылады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2019
  • 3451

Қазақстан Еуроодақпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ ниетте. Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Еуроодақ өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті. Тараптар елдегі бас партия арқылы алдағы ортақ байланысты арттырмақ. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы бейбіт қарым-қатынасына ширек ғасыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты, инвесторларға жасаған жағдайы мен нарықтық байланыс өз сабақтастықтығын табады. Мәулен Әшімбаев елшіге алдағы сайлауда «Nur Otan» өз ашықтығын көрсетіп, заңның барлық нормаларын қатаң сақтайтынын жеткізді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Сіздерді партия кеңсесінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сайлау еліміздің дамуындағы маңызды кезең екенін атап өткім келеді. Саяси доданың ашық әрі әділ өтуі - біздің нақты ұстанымымыз!

А. Бектас