Русский Сайттың толық нұсқасы

800 мыңға жуық қазақстандық 2 немесе одан да көп тұрғын үй иесі

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2019
  • 3233

800 мыңға жуық қазақстандық 2 немесе одан да көп тұрғын үй иесі. Тіпті, бір адамның басында 20 пәтерге дейін тіркелген. Ал, еліміз бойынша 31 мыңнан астам көп балалы жанұя үй-күйсіз тентіреп жүр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының халық үшін арналған қолжетімді баспана бағдарламаларының іске асырылуын талқылау кезінде белгілі болды. Дегенмен, «Талап» қолтаңбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев аталған сандар бұдан да өзге болуы мүмкін дейді. Ол әр ведамстволар көрсетіп отырған статистика бір-бірімен жанаспайтынын айтты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы бойынша бірінші орында тұр. Бұл ретте көшті Нұр-Сұлтан, Алматы және Маңғыстау облысы бастап тұр. 2018 жылы ел бойынша 12,5 млн шаршы метрлік көлемді құрайтын баспана берілген. 

Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:  

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқасында мемлекет бөліп отырған 1 теңгеге 7 теңге жеке инвестициялық қаржы тартылды. Тұрғын үй бағасы шаршы метріне 140-180 мың теңгеден аспайды. Айта кету керек, инфрақұрылымның уақытылы құрылысына байланысты рекордты 12,5 млн шаршы метр баспана құрылысы аяқталып, ТМД елдері арасында Қазақстан жан басына шаққандағы тұрғын үй көрсеткіші бойынша бірінші орында. 

Н. Біләл