Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас мүфтидің үндеуіне кәсіпкерлер қалай үн қатты

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2019
  • 2712

Рамазан айында жақсылық жасаудан жарысу керек. Алматы имамдары кәсіпкерлерді Бас мүфтидің азық-түлік бағасын көтермеу туралы ұсынысын қолдауға шақырып отыр.  

Олардың айтутынша, ораза айын пайдаланып, бағаға ерік беретіндер баршылық. Діни басқарма кәсіп иелерін бақылауға немесе талап етуге құқығы жоқ. Сондықтан азық-түлік бағасына қатысты қандай да бір статистикалық мәліметтер келтіру қиын.

Еркінбек қажы ШОҚАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ: 

Қайбір кездері жолда қалған кісілерге 40-50 теңгелік нанды 1000 тенгеге сатты. Мының барлығы да арамдық болып саналады. Мұндайға біздің кәсіпкерлер, біздің халқымыз бармағаны абзал.

Керісінше, Рамазан айында сауапты іс жасап жүрген кәсіпкерлер де бар. Асханада ауызашар тегін болмаса да, бір адам тойып ішетін ас мәзірінің құны бір мың теңге.  

Динара ТӘТІШБЕКОВА, АСХАНАНЫҢ БАС АСПАЗШЫСЫ:  

Оразадан тыс уақыта примерно 2000 теңгеден болады. Кейде 1500-2000. Енді біз оразаның құметіне деп өзінің түпкілікті бағасы, яғни, бір мың теңге деп қойдық. Ораза айы болғандықтан тиімді болсын деп, ауыздарын ашсын деп, сауап алу үшін осылай істедік. Әр күні әр қалай ас мәзірі. Бір күні манты, палау деп ауысып отырады.

Р. Асқарбекұлы